Твиттердегі оқырмандарыма уәде бергендей, LG Optimus Black смартфонындағы қазақ тілді интерфейсіне қатысты кішігірім мақала жаздым. Мақала екі тілде болады. Себебі бүгін твиттерде алғашқы #kzday ғой!

Как и обещал своим читателям из твиттера пишу мини обзор про казахский язык в интерфейсе смартфона LG Optimus Black. Пост будет на двух языках. Ведь сегодня первый #kzday в твиттере!

Менің әдетім бойынша су жаңа телефонды қолыма ала сала, оның баптамаларын қазақ тіліне қойып, аударманы оқып күле бастаушы едім. Осындай бастамадан кейін айтарым — LG Optimus Black смартфонындағы қазақ тілді интерфейсі жақсы дәрежеде жасалған, бірақ «өте жақсы» деген баға бере алмаймын.

У меня всегда привычка, как только в руки попадает новый телефон или смартфон, я начинаю искать в его настройках казахский язык, и тут же начинаю смеяться над переводом. После такого небольшого лирического отступления можно сказать Казахский язык в смартфоне LG Optimus Black хорош, но не совершенен.

Баптамаларды қазақ тіліне орнатқаннан кейін, аударманың сапасына көңіл бөлдім. Сапасы жоғары деңгейде. Алғашында базалық тіл ретінде орыс тілі ме деп ойладым, себебі интерфейстің аудармасыз қалған жерлері орыс тілінде болды. Бірақ кейінірек ағылшын тілінде де испан не мен білмейтін басқа тілдерде де кейде жазулар шыққан еді.

После того как переключил на казахский сразу же в глаза бросилось то что перевод сделан хорошо. На качественном уровне. Изначально мне показалось что за основу брался русский язык, так как те части интерфейса которые не были переведены остались на русском, но позже я заметил что появляются и места где проскакивает и английский и даже непонятный мне то ли испанский, то ли еще какой-то.

Қазақ әріптерінің телефон экранында бейнеленуі көзге түседі. Олар орыс әріптерінен мөлшері бойынша ерекшеленеді. Пернетақтада қазақ әріптері бар екен, бірақ алғашында оларды байқамағаннан кейін олар жоқ шығар деп шешіп, кішкене көңілім түскен болатын. Оларды еңгізу үшін белгілі бір әріпті ұзақ басып тұру қажет екен. Төмендегі кестеде қандай қазақ әріптері қай орыс әріптерімен көрші екенін көруге болады.

  • а-ә, г-ғ, к-қ, н-ң, у-ұ, й-і, ц-ү, х-һ, о-ө

Немного смутило отображение казахских символов на экране. Казахские буквы немного отличались по размеру от русских. Раскладка клавиатуры на казахском тоже имелась, но при переключении на неё, не видно казахских букв, я решил что их нет и расстроился. А оказывается они есть, нужно просто долго держать нажимая какую нибудь букву. Вот пары букв русский-казахский которые сгруппированы в одну кнопку

  • а-ә, г-ғ, к-қ, н-ң, у-ұ, й-і, ц-ү, х-һ, о-ө

Аударма сапасы мен толыққандылығы. Мен жоғарыда атап өткендей аударма сапасы жақсы. Мен үшін жаңа түсініксіз сөздер болған жоқ, бәрі де түсінікті. Ал аударылмаған немесе аударылуы қиын сөздер (не оларға уақыт жетпеді ме екен?) орыс және ағылшын тілдерінде аударусыз қалды. LG Optimus Black смартфонындағы қазақ тілді интерфейсінің қорытынды бағасы нығыз төрт.
Қорытынды баға: 4

P.S. Егер сізге мақала ұнаса + қойып мені қолдағаныңыз үшін алғыс білдіремін.

Качество и полнота перевода. Качество как я уже сказал выше хорошее. Для меня все было понятно, не было новых непонятных казахских слов. А те слова которые не поддались переводу (или их не успели перевести?) просто оставили на русском языке, кое где и на английском, как вы могли видеть на скриншотах сверху. Итоговая оценка качества для казахского языка для смартфона LG Optimus Black твердая четверка из пяти.
Оценка: 4 из 5

P.S. Если вам понравился пост нажмите +, буду вам благодарен.